Елді белгісіз тұмау кезіп жүр

Сырқаттанып қалғандар әлеуметтік желіде осылай жиі жазатын болған. Олар қазіргі тұмаудың тым агрессивті екенін айтады. Бұдан қалай қорғану керек? Ауру белгілері байқалса не істеу қажет? Осыны білмекке терапевт дәрігерге жүгіндік. Білікті маманға 3 сұрақ қойылды.

Мұхтар Байсариев, терапевт-невропатолог дәрігер

1. Тұмаудан сақтану жолдары қандай?

Тұмаудан сақтану жолдары қазіргі таңда мынау пандемия жағдайына байланысты бірінші орында тұрған нәрсе – бұл мынау, бетперде тағу. Бетперде тағу арқылы, ауа тамшылары арқылы таралатын вирустардан өзімізді сақтау мүмкіндігіміз бар. Тұмау ауруы – бұл ауа тамшылары арқылы таралатын ауру болғандықтан көпшілік орындарда осы бетпердені тағып жүру керек. Екінші кезекте иммундық жүйенің жұмысын дұрыс қалыпқа келтіру. Яғни физикалық актив көрсету, дұрыс тамақтану, демалысты дұрыс ыңғайластыру. Яғни түнгі ұйқы мен күндізгі жұмысты бір-бірімен шатастырып, араластырып жібермеуіміз.

2. Тұмау жұқтырғандар қалай емделу керек?

Тұмаумен ауырған кезде емделу жолдары – бұл қай сатыда сізге науқас келді, бастапқы сатыларда болса, оны үй жағдайында да емдеуге болады. Амбулаторлық жағдайда. Бірінші кезекте сол ауруды тұғызған себеп вирус деп қарайтын болсақ, оларға қарсы дәрі-дәрмектерді қолданамыз. Олардың түрлері көп. Атауы да сан түрлі. Одан кейінгі мәселе егер аталған вирустық инфекцияға бактериялық флора қосылған жағдай болса,  ол кезде антибактериалды препараттарды қолданып жататын кездер де болады. 

3. Тұмауға қарсы екпе қаншалықты қауіпсіз әрі тиімді?

Екпе бұл біріншіден жарты ғасырдан аса уақыт бұрын адамзат пайдаланып келе жатқан вакцинаның түрі болып есептеледі, тұмауға қарсы екпе. Көптеген ғалымдар, вирусологтар осы вакцинаның дүние келуіне, адамзатқа пайда әкелуіне үлкен үлестерін қосқан. Вакцинаның адам ағзасына келтірер зияны тек ғана егер аллергиялық реакциясы бар болатын болса, компоненттеріне, бұл жаңағы тауықтың ақуызы, эмбрионнан алынған, тауық жұмыртқасына кей кісілерде аллергиялық реакция болып жатады, сондай кісілерге бұл қарсы көрсетілім болып жатады. Ал қалған созылмалы ауру түрлерімен ауыратын, мысалы өкпе ауруы, қант диабеті, жүректің ишимиялық ауру бар кісілер ауырып қалған жағдайдың өзінде ауруды жеңіл өткеруге септігін тигізеді ағзасына.