Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінде 30 градус аяз болады

Алдағы күндері Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінің тұрғындары қысты сезінетін болады.

Жылы Оңтүстік циклонын алмастыру үшін Атлант аймағынан суық антициклон қозғалуда. Суық ауа массаларымен қоректенетін ол жауын-шашынның тоқтап қалуына және ауа температурасының күрт төмендеуіне әкеледі.

7-8 желтоқсанда түнгі уақытта еліміздің солтүстігі мен шығысында термометр 22-30 аязды көрсететін болады. Ал республиканың оңтүстік өңірлері Иран аудандарынан келетін жылы ауа массаларының қорғауында қалады. Мұнда айтарлықтай салқындау күтілмейді.

Сондай-ақ...