Қазақстан мен Өзбекстан бір-бірінің вакцина паспортын қашан мойындайды?

Қазақстан мен Өзбекстан келер жылдан бастап коронавирусқа қарсы вакциналау паспортын мақұлдауы мүмкін.

Бұл жөнінде бүгін Ташкентте Орталық Азия елдері мен Италия мамандарының отырысында денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ажар Ғиният айтты. Бұл мәселені шешуге екі жақ та мүдделі. Қазір қазақстандық паспорт әлемнің 20 елінде жарамды. Ал Орталық Азия елдері ішінде тек Қырғызстан жарамды деп таныған. Енді бұлардың қатарына Өзбекстан да қосылады деп жоспарланған.

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары:

- Министрдің орынбасарымен осы сұрақ талқыланды. Біздің вакцинация паспортын, біздер олардың сертификатын қабылдағанымызға олар да қарсы емес секілді. Сондықтан сыртқы істер министрлігімен бірлесіп осы жұмысты жүргізетін боламыз.