Алдағы күндері аяз күшейеді

Қазгидромет 14-16 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Қазақстан аумағының басым бөлігінің ауа райын Солтүстік-Батыс антициклоны айқындайтын болады. Ол қысқа мерзімді температураның төмендеуіне және жауын-шашынның тоқтауына алып келеді. Республиканың оңтүстік өңірлері әлі де циклондардың фронтальды қызмет аймағында болады, мұнда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ құбылыстары мен тұман күтіледі. Алайда кезеңнің соңына қарай солтүстік-батыс антициклон осы өңірлерді де қамтиды, осыған байланысты мұнда да температураның төмендеуі және жауын-шашынның біртіндеп  тоқтауы болжанады. Мереке күндері Батысқа Скандинавия аймақтарынан циклон шұңқыры әсер ете бастайды,  жауын-шашын, мұз күтіледі» делінген хабарламада.

Сондай-ақ...