415,12 450,91 7,40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

EXPO мұзайдыны ашылды: қанша және қалай жұмыс істейді

  • 205
  • UPD: 10:42, 14.12.2021
EXPO мұзайдыны ашылды: қанша және қалай жұмыс істейді

13 желтоқсанда елордада, EXPO іскерлік орталығының аумағында көптен күткен ашық алаңда конькимен сырғанаудың V маусымы ашылды.

Сыйымдылығы 200 адамға дейінгі EXPO мұзайдыны елорданың ең көрікті жері – NUR ALEM болашақ энергиясы мұражайының түбінде орналасқан. Мұзайдынның ауданы – 1500 шаршы метр.

Конькимен сырғанау барлығына тегін. EXPO мұзайдыны жұмыс күндері 12:00-ден 23:00-ге дейін, ал демалыс күндері 10:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

Келушілер үшін киім ауыстыратын жылы бөлме қарастырылған. Сондай-ақ мұзайдынның жанындағы тамақтану орындарына барып демалуыңызға болады. Келушілерге ыңғайлы болу үшін 3 мың автокөлікке арналған тәулік бойы жұмыс істейтін жерасты тұрағы бар.

Мұзайдынына өз конькиіңізбен келуге немесе сол жерде жалға алуға болады. Екі сағаттық сеанс 500 теңге тұрады.

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты келушілер маска тағып және әлеуметтік арақашықтықты сақтаулары қажет.

Хабар 24 телеарнасы