434,07 496,10 5,71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

«Оливье» салаты қайдан шыққан

  • 416
  • UPD: 20:07, 31.12.2021
«Оливье» салаты қайдан шыққан wi-fi.ru

Жаңа жыл мерекесіне дастархан жаярда алдымен «Оливье» салатын дайындаймыз. Тойымды әрі дәмді бұл салат жайлы қызықты дерек көп. 

Оның тарихы ертегіге ұқсайды. 1860 жылы жас француз аспазшысы Люсьен Оливер Мәскеуге жұмыс істеуге және ағасына көмектесуге келеді. Оның талпынысын байқаған «Эрмитаж» мейрамханасы бас аспаз болуға шақырады. Люсьен Оливер ерекше рецепттерді ойлап тауып, тапсырыс берген компания үшін майонез қосылған салат ұсынады. Тағамның құрамына сиырдың тіл еті, уылдырық, сорпадан желе, каперс, майонез кіреді.

Қонақтарға тағам ұнамайды, алайда олар келесі күні мейрамханаға оралып, салат құрамына кіретін заттарды төртбұрыштап кесіп, майонезбен дәмдеуді сұрайды. Осыдан кейін бұл тағамның дәмін көру үшін келушілер көбейеді.

Аспаз қайтыс болғаннан кейін бұл рецепт ұмытылады, бірақ содан кейін ақпарат құпия ретінде сақталып, салат тек «Москва» мейрамханасында дайындалады. КСРО кезінде жоғарыдағы өнімдерді табу мүмкін болмаған. Осылайша рецепт құрамы қолжетімді азық-түлік түрлеріне ауысып, қазіргі біз жеп жүрген қарапайым «Оливьеге» айналады.

Ақпарат көзі: История вещей, wi-fi.ru

Хабар 24 телеарнасы