Тұман, көктайғақ, жел: еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

15 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында, шығысында екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Петропавл қ.: күндіз 15 желтоқсанда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Күндіз 15 желтоқсанда Ақмола облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Көкшетау қ.: 15 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі.

Шымкент қ.: 15 желтоқсанда кей уақытта тұман күтіледі.

Түркестан қ.: 15 желтоқсанда түннің бірінші жартысында тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың батысында және орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында және орталығында екпіні 17-22 м/с күтіледі.

Ақтау қ.: 15 желтоқсанда шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с күтіледі.

Атырау облысының батысында, шығысында және орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Атырау қ.: 15 желтоқсанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.