2022 жылы қай түстер сәнде болады

Who What Wear порталының стилистері 2022 жылдың ең сәнді түстерін атады.

«Сән брендтері маусымнан тыс топтамаларды шығарған кезде, мен олардың ассортиментін зерттедім, содан кейін жиі кездесетін алты түсті таңдадым», - дейді редактор Максин Эггенбергер.

Оның айтуынша, 2022 жылы ең танымал болатын түс – қоңыр-сарғыш. Әсіресе, пальто мен жейде осы түсте болса сәнді болмақ.

Сондай-ақ келер жылдың трендіне ашық күлгін және мандарин түстері кіреді. Зәйтүн және бургунд түсінде костюм-шалбар, көйлек және жемпір кисеңіз, кез келген жерде сәнді көрінесіз. Шоколад түсті киімдер мен аксессуарлар да ерекше назарда болады. Осы түстегі былғары шалбар, атласты көйлек және көлемді сөмкелер сәнге айналмақ.

Бұған дейін 2022 жылдың басты түсі туралы жазған болатынбыз.

Сондай-ақ...