Нұр-Сұлтан мен Ерейментау тас жолы жабылды

Ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар тас жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

18 желтоқсан күні ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Нұр-Сұлтан - Ерейментау - Шідерті» автожолының 16-200 шақырым аралығы, яғни Нұр-Сұлтан мен Ерейментау қаласы арасындағы жолдың 16-156 шақырымдық учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылды. Астаналық төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметке сенсек, көліктің барлық түріне жүруге тыйым салынған. Күн райы бұзылып, көктайғақ болуына байланысты аталған тас жолдарды жабуға тура келді, дейді мамандар.