Алматы облысында апта жауын-шашынмен басталды

Синоптиктер осындай ауа райы апта соңына дейін сақталады деп болжам жасап отыр, деп хабарлайды Хабар 24.

Десе де биыл өңірге жауын-шашын 70 процентке аз түскен. Қар да қалың емес. Өткен жылдың осы кезеңінде Талдықорғанда 21 см қар жатқан. Ал қазір жоқтың қасы. Облыс орталығында ғана емес, Панфилов, Жамбыл, Балқаш, Іле аудандарында да қар еріп кетті. Өңірдегі Лепсі, Қоғалы, Үшарал, Сарқан елдімекендері маңындағы  таулы аймақтарда ғана ақ ұлпа жатыр. Жалпы биыл Жетісулықтар үшін қыс жайлы болып тұр. 

Маржан Әбдуәлиева, «Қазгидромет» РМК АҚФ метеоболжам бөлімінің басшысы:

– Желтоқсан айының аяғында қар күтіледі. Ауа температурасы төмендейді. Қаңтар айына келсек, ауа температурасы ай бойынша 5 градусқа жылы. Жауын шашын нормадан төмен. Ең суық ай қыс бойынша қаңтар айы. Жалпы биылғы қыс жылы. Мұндай жағдай 1997 жылы болған.