Отыруды әдетке айналдыру психикаңызға әсер етеді

Коронавирус пандемиясы басталғалы біздің күнделікті өмірімізге «қашық» деген термин енді.

Ауру өршіген тұста әлем бойынша адамдар үйден жұмыс істеп, оқушылар мен студенттер білімді үйде отырып алды. Осы орайда америкалық ғалымдар бір орында отыру психикалық ауру туғызатынын анықтады.

«Отыру зиян. Біз қозғалыссыз отыруды әдетке айналдырып алдық», – дейді Джейкоб Мейер.

Осы өзгерістер туралы түсінік алу үшін Мейер мен зерттеу тобы үш мыңнан астам қатысушының сауалнамаға жауаптарын талдаған. Олар пандемияға дейінгі кезеңмен салыстыра отырып, қозғалыссыз отыру, теледидар, телефон қарау сияқты әдеттерге қанша уақыт жұмсайтынын көрсеткен.

Сауалнама қорытындысы коронавирусқа қатысты шектеулер күшіне енгеннен кейін көп ұзамай физикалық белсенділік орташа есеппен 32% төмендегенін анықтаған. Қатысушылар өздерін мазасыз және жалғыз сезінетіндерін айтқан. 
 
Ақпарат көзі: wi-fi.ru