Тұман, көктайғақ, шаңды дауыл: бірнеше облыста дауылды ескерту жарияланды

Тұман, көктайғақ, шаңды дауыл: бірнеше облыста дауылды ескерту жарияланды
GOV.KZ

Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар облыста дауылды ескерту жарияланды.

Күндіз 22, түнде 23 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында тұман. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, 22 желтоқсанда түнде облыстың солтүстігінде, батысында, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 м/с. 23 желтоқсанда жел түнде басым бөлігінде, күндіз облыстың шығысында күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күтіледі.

Петропавлда күндіз 22, түнде 23 желтоқсанда жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады тәулік бойы 22, түнде 23 желтоқсанда күші 15-20 м/с.

22 желтоқсанда таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы, тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр жауады. Түнде облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, батысында, тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде, батысында, тау, тау бөктерлі аудандарында екпіні 23-28, таулы асуларда 30 м/с және одан аса.

Шымкентте 22 желтоқсанда таңертең және күндіз қатты жаңбыр жауады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз күші 15-20, екпіні 23 м/с.

Түркістанда 22 желтоқсанда оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

22 желтоқсанда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Қарағанды қаласында 22 желтоқсанда түнде және таңертең тұман, күндіз көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жезқазғанда 22 желтоқсанда тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

22 желтоқсанда Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында көктайғақ, тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с сақталады.

Қызылорда қаласында 22 желтоқсанда жел оңтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

22 желтоқсанда Ақмола облысының батысында, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында, шығысында 15-20 м/с күтіледі.

Көкшетау қаласында 22 желтоқсанда көктайғақ күтіледі.

22 желтоқсан Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, күндіз облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с.

Оралда 22 желтоқсан түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, күннің екінші жартысында екпіні 18 м/с.

22 желтоқсанда Ақтөбе облысының түнде басым бөлігінде, күндіз оңтүстік-шығысында, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.

22 желтоқсанда Қостанай облысының басым бөлігінде жауын-шашын, орталықта және облыстың солтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Орталық және облыстың оңтүстігінде тұман, көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Оңтүстіктен соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с.

Қостанай қаласында 22 желтоқсанда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі.