434,34 494,00 5,52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Пиротехника: қауіпсіздік ережелерін білесіз бе

  • 286
  • UPD: 19:32, 31.12.2021
Пиротехника: қауіпсіздік ережелерін білесіз бе Пиротехника

Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында балалардың көпшілігі, сондай-ақ ересектер пиротехниканы дұрыс пайдаланбаудан жарақат алады. Осыған байланысты елорда аумағында 2021 жылдың 15 желтоқсаны мен 2022 жылдың 12 қаңтары аралығында Пиротехника-2021 жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. 

Жедел алдын алу іс-шараларының мақсаты халықпен пиротехникалық бұйымдарды сақтау, пайдалану, тасымалдау және әкелу ережелері, сондай-ақ сертификатталмаған пиротехникалық өнімдерді айналымнан алу туралы профилактикалық жұмыс жүргізу болып табылады.

Елорда әкімдігі қала тұрғындарына пиротехниканы пайдаланудың негізгі ережелері туралы еске салады:

- пиротехниканы күмәнді сатушылардан сатып алмаңыз (көше сөрелерінен, өткелдерден);

- балаларға пиротехниканы өз бетінше іске қосуға рұқсат етпеңіз;

- қаптамадағы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз;

- пиротехниканың жарылуы кезінде қашықтықта болыңыз;

- ешқандай жағдайда жабық үй-жайда пиротехниканы пайдаланбаңыз;

- көрермендер нақты пиротехникалық бұйымды қолдану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген қауіпті аймақтан тыс, бірақ кемінде 20 м қашықтықта болуы тиіс;

- білтені созылған қол қашықтығында тұтату керек;

- жұмыс істеп тұрған пиротехникалық бұйымды қолда ұстауға қатаң тыйым салынады.

Тіпті таныс және қарапайым пиротехникалық өнімнің өзіндік ерекшеліктері болуы мүмкін екенін есте сақтау керек.

Хабар 24 телеарнасы