2022 жылы қазақстандықтар неше күн демалады

2022 жылы демалыс күндері Халықаралық әйелдер күні мен Конституция күніне ауыстырылады.

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин «2022 жылы демалыс күндерін кейінге қалдыру туралы» үкіметтің қаулысына қол қойды.

– Үкімет демалыс күндерін 2022 жылғы 5 наурыз сенбіден 2022 жылғы 7 наурыздағы дүйсенбіге, 2022 жылдың 27 тамызы сенбіден 2022 жылдың 29 тамызындағы дүйсенбіге ауыстыру туралы шешім қабылдады, – делінген құжатта.

Халықаралық әйелдер күнінде қазақстандықтар үш күн демалады – 6, 7 және 8 наурыз.

Сондай-ақ, Конституция күнінде үш күн демалады – 28, 39 және 30 тамыз.

Қазақстандағы ұлттық және мемлекеттік мерекелер:

Жаңа жыл – 1-2 қаңтар;

Православиелік Рождество – 7 қаңтар;

Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз;

Наурыз мейрамы – 21-23 наурыз;

Қазақстан халқының бірлігі мерекесі – 1 мамыр;

Отан қорғаушылар күні – 7 мамыр;

Жеңіс күні – 9 мамыр;

Астана күні – 6 шілде;

Құрбан айттың бірінші күні (2021 ж. 20 шілде);

Конституция күні – 30 тамыз;

Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні – 1 желтоқсан;

Тәуелсіздік күні – 16-17 желтоқсан.