Жаңа жыл жақындағанда бәріміздің күтетін өз фильмдеріміз бар. Әсіресе, «Үйде жалғыз қалғанда» (Один дома) көпшіліктің сүйіктісіне айналған.
Ал біз одан басқа да жаңажылдық атмосфера сыйлайтын үздік фильмдер тізімін ұсынамыз.
Рождествоға арналған сарай (Замок к Рождеству), 2021 жыл
Netflix-тің жаңа фильмі. Жаңажылдық ескі фильмдердің барлығын көріп болсаңыз, осы туындыға көшсеңіз болады.
Қар жауа берсін (Пусть идёт снег), 2019 жыл
Жастар туралы фильм. Әркімнің өз өмірі, мәселесі бар. Алайда оларды бір нәрсе біріктіреді - достық!
Бет Эндрюс махаббат пен ғажайыпқа деген сенімін жоғалтқан жалғызбасты ана. Ал оның ұлы Рождествоға сыйлық ретінде жаңа әке сұрайды.
Отбасылық ұрлық (Семейное ограбление), 2017 жыл
Жан Реноны басты рөлде көргіңіз келсе, бұл фильмді қарауыңыз тиіс. Рождестволық болмаса да, ғажайып қыс пен таулар әдемі әсер берері сөзсіз. Куршевелдің таңғажайып пейзаждары көруге тұрарлық.
Мерекелік күнтізбе (Праздничный календарь), 2018 жыл
Netflix-тен басқа жаңажылдық жинақтардан таба алмайтын тағы бір фильм.
Рождество туралы отбасылық фильм. Рождестволық фильмдер арасындағы классика саналады.
Рождестволық оқиға (Рождественская история), 2009 жыл
Мистер Скрудж - бүкіл өмірін байлық жинауға арнаған қаржыгер. Ол ақшадан басқаның бәрін, соның ішінде достықты, махаббатты және Рождество мерекелерін жек көреді.