Алматы – Өскемен тас жолы жабылды

Алматы облысында бұрқасынға байланысты жол жабылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы облысындағы «ҚазАвтоЖол» филиалының мәліметінше, 2021 жылдың 26 желтоқсанында сағат 11.30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар Алматы - Өскемен автожолында барлық автокөлік түрі үшін қозғалыс жабылды.

Бұл туралы өңірдің ведомство өкілдері мәлімдеді. Сондай-ақ Алматы облысының ТЖД қызметкерлері тұрғындардан осы бағытта жолға шықпауын ескертеді.