Ауа райына байланысты 11 облыста ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК 27 желтоқсанға ауа райы болжамын жариялады.

27 желтоқсанда Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеі деп күтіледі. Ақтауда оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с болады.

Күндіз 27 желтоқсанда Ақмола облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Көкшетауда 27 желтоқсанда оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз екпіні 15-20 м/с, жаяу бұрқасын болады.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын соғады. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, түнде облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. Оралда түнде жаяу бұрқасын болады.

Ақтөбе облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде жылдамдығы секундына 15-20 м/с, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 25 м/с, күндіз облыстың солтүстік-батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Ақтөбеда жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с.

Қостанай облысының солтүстік-батысында, шығысында бұрқасын, тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде облыстың солтүстік-батысында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың шығысында екпіні 23-28 м/с.

Қарағанды облысының орталығында тұман түседі. Түнде облыстың шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ. 27 желтоқсан күндіз оңтүстіктен жел соғады, күннің екінші жартысында екпіні 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Түркістан облысының таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Шымкентте түнде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, орталығында жаяу бұрқасын соғады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында 15-20, түнде екпіні 23 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Қызылордада 27 желтоқсанда кей уақытта тұман күтіледі.

27 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 облыстың батысында екпіні 23-28 м/с күтіледі. Петропавлда күндіз жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстіктен оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Сондай-ақ...