Мереке күндері елорданың қоғамдық көліктері қалай жұмыс істейді

Алдағы мерекелерде қаланың қоғамдық көліктері демалыс күндердің кестесі бойынша жүреді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты CTS-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Алдағы 1, 2, 3, 4 және 7 қаңтардағы мерекелік күндерге байланысты қоғамдық көліктер демалыс күндердің кестесі бойынша жүреді. Жолаушылар ағынының төмендеуіне байланысты желіге автобустар аз шығарылады.

Қалалықтардың өз бағыттарын алдын ала жоспарлағаны абзал.

Естеріңізге сала кетейік, автобустарға маскасыз кіруге тыйым салынады. Жол жүру төлемі қолма-қол ақшасыз: көлік картасымен немесе QR-кодты сканерлеу арқылы жүргізіледі.