ШҚО тауларында қар көшуі мүмкін

Бүгіннен бастап қаңтардың 4-іне дейін Шығыс Қазақстан облысының тауларында қар көшкіні болуы мүмкін.

Бұл туралы «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің мамандары ескертіп жатыр. Осыған байланысты жергілікті тұрғындар мен туристер табиғат аясына шығу жоспарын кейінге шегергені дұрыс. Таулы аймақтардан өтетін көлік жүргізушілері де жылдамдықты шамадан асырмай, жолда сақ болғаны жөн. Оқыс оқиғаға тап болғандар мен куәгерлер ұялы телефоннан 112 немесе 101 номерлеріне қоңырау шала алады.