434,34 496,10 5,64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Жүрек-қан тамырлары жүйесіне пайдалы төрт өнім аталды

  • 299
  • UPD: 12:13, 31.12.2021
Жүрек-қан тамырлары жүйесіне пайдалы төрт өнім аталды MyMediCareStory

Дұрыс тамақтану – жүрек пен қан тамырлары дұрыс жұмысын қамтасыз ететін негізгі факторлардың бірі.

Türkiye басылымында жарияланған мақалада кардиология саласының маманы, доцент Ахмет Карабулут жүрек жұмысын жақсартатын өнімдерді атады.

  1. Жүзім. Қара және қызыл жүзім ең пайдалысы саналады. Бұл жемістің әсіресе тамырларға пайдасы зор. Ол қан қысымын төмендетіп, жүрек талмасының алдын алады. Қызыл жүзімді дәнегімен бірге жеген абзал.
  2. Анар. Бұл жеміс жүрек, тамырлардың жұмысын жақсартады. «Жаман» холестерин көлемін азайтады. Маман күніне бір дана анар немесе бір стақан анар шырынын ішуге кеңес береді.
  3. Құрма. Ол қан қысымын қалықа келтіріп, атеросклерозбен күресуге көмектеседі, холестерин деңгейін де бақылауда ұстайды.
  4. Сардина. Балықтың бұл түрін тұрақты жеу тромбтардың пайда болуының алдын алады. Оны тұмшапеште немесе грильде пісірген дұрыс.
Хабар 24 телеарнасы