Еліміздің кей аймақтарында күн жылынып, аяз бәсеңдейді

Бүгіннен бастап күн жылынып, аяздың беті қайтады, деп хабарлайды Хабар 24.

Бірақ біраз аймақта қар жауады. Тек Алматы, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында күн ашық. Алайда синоптиктер елде жел күшейе түсетінін айтады. Кей өңірлерде секундына 15-23 метрге дейін жетеді. Орталық және Солтүстік аймақтарда бұрқасын соғып, Оңтүстік пен Батыста көктайғақ болады. Ал елордада сынап бағанасы күндіз 15, түнде 20 градус аяз.

Лаура Сайлыбаева «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі:

– 3 қаңтарда еліміздің солтүстік жартысында ауа температурасы күндіз 10-18, күндіз 3-8 градусқа дейін аязға жетсе, оңтүстік жартысында термометр бағанасы 0-5 градусқа етеді. Кей жерлерде 0-10 градус аяз, күндіз 3-13 градусқа дейін жылы болады. 

Сондай-ақ...