Еліміздің кей өңірлерінде аяз басталады

Елордада күн 0 градус. Түнде қар жауып, қазір еріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін елдің басым бөлігінде осылай қар жауады. Синоптиктердің болжауы бойынша мұның соңы бұрқасынға ұласады. Ізінше аяз түседі. Алдымен батыста күн суытса, антициклон одан кейін Арқадан шығысқа қарай жылжиды. Осылайша арқа, солтүстік-батыс пен Шығыс Қазақстан өңірінде сынап бағанасы минус 20, 25, кей жерлерде 30 градусқа дейін төмендемек.