Төтенше жағдай режимі кезінде нені білу керек

Төтенше жағдай - мемлекетке төнген түрлі қауіпке байланысты Мемлекет басшысы жариялайтын уақытша режим.

Ол табиғат апаты, соғыс қаупі, техногендік апат, халық ішіндегі толқу секілді жағдайларда жарияланады. Мұндай уақытта азаматтардың құқықтары мен бостандықтары саналы түрде шектеледі.

Төтенше жағдай жариялай отырып Мемлекет басшысы өзіне көптеген абсолютті өкілдіктер алады. Түрлі мемлекеттік органдар өз қызметтерін өзгертеді. Олар жаңа заңдық кеңістікте қатаң тәртіпке бағына отырып қызмет жасауға мәжбүр болады. Төтенше жағдай жариялау уақыты, мерзімі, сол кездегі билікке берілетін өкілеттіктер дәрежесі ел Конституциясы бойынша анықталады.

Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.

Алматы мен Маңғыстау облысында жарияланған төтенше жағдай кезінде қандай шектеулер болады? Біріншіден, сағат түнгі 11-ден таңғы 7.00-ге дейін коменданттық сағат енгізілді. Алматының коменданты болып қалалық полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов, Маңғыстау облысының коменданты болып облыстық полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаев тағайындалды. Төтенше жағдай кезінде Алматы мен Маңғыстау облысына кіру және шығу шектеледі. Жаяу және көлікпен жүруге шектеу қойылады. Бұқаралық шаралар өткізуге, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сатуға тыйым салынады. Дәрі мен алкоголь айналымының ерекше режимі белгіленеді. Ереуілдерге және кәсіпорындардың жұмысын тоқтатудың басқа әдістеріне тыйым салынады. Атап өтейік, бұл шектеудің бәрі төтенше жағдай аяқталғанша яғни қаңтардың 19-на дейін жалғасады.

Сағат 23:00 - 7.00-ге дейін коменданттық сағат енгізілді. Алматының коменданты болып қалалық полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов, Маңғыстау облысының коменданты болып облыстық полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаев тағайындалды. Төтенше жағдай кезінде Алматы мен Маңғыстау облысына кіру және шығу шектеледі. Жаяу және көлікпен жүруге шектеу қойылады.