Банктер 10 қаңтарға дейін жұмыс істемейді

Елімізде екінші деңгейлі банктер дүйсенбіге дейін жұмыс істемейді. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз хатшысы Олжас Рамазанов мәлімдеді.

Әзірге тек банкоматтар ғана халыққа қолжетімді. Ал кешіктірілген төлемдерге айыппұл салынбайды.

«Каспи», «Отбасы банк», «Халық», «Еуразиялық банк», «Форте», «Центркредит және «Алтын банк» пен «Хоум кредит» өкілдері күні кеше  осындай хабар таратқан еді. Енді бұлардың қатарына «Альфа банк» та қосылды. Олар қаңтардың 5-і мен 19-ы аралығында ипотекасын төлей алмағандарға өсімақы жүрмейді дейді.

Елдегі жағдайға байланысты осындай шешім қабылданып отыр. Сол себепті банктен қарыз алғандардың алаңдамауына болады.

 

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

Қ.Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады. 

Лаңкестермен ешқандай келісім болмайды – Қ.Тоқаев

Қ.Тоқаев 11 қаңтарда Үкіметке нақты тапсырмалар береді

Алматыдағы бүлік кезінде Almaty телеарнасының қызметкері қаза тапты

Жаппай тәртіпсіздік кезінде Ұлттық ұланның 2 сарбазы қаза тапты

ҚР ІІМ: күштік құрылымдардың 18 қызметкері қаза тапты

Түркітілдес мемлекеттер ұйымы қолдау көрсетуге дайын

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы бізге не береді?