Елімізде кейбір қызмет түрлері интернетсіз істейді

Интернеттің жоқтығына қарамастан кейбір қызмет түрлері жұмыс жасайды.

Оларды тыңғылықты тексеріп барып, бірте-бірте іске қосып жатырмыз деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы Бағдат Мусин. Осыған дейін оның әлеуметтік желіге қалдырған жазбасында электронды қызметтерді қаскөйлер бұзып, өз мақсаттарында қолданбау тетіктеріне ерекше мән берілгені сөз болған. Қазірдің өзінде Халық, Хоумбанк пен Каспибанк мобильді қосымшалары жұмыс істеп тұр. Бұған қоса, 24.кз, Бақ.кз, Информ.кз сияқты ақпарататтық порталдар мен Ақорда.кз сайты интернеттің жоқтығына қарамастан ашыла береді. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар жалғасады деді ведмоство басшысының міндетін атқарушы.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті