Еліміздегі азық-түлік базарларының жаңа жұмыс кестесі белгіленді

Атап айтқанда елордада таңғы 8-ден бастап кешкі 18.00-ге дейін ашық болады, деп хабарлайды Хабар 24.

Шымкент қаласы мен Жамбыл облыстарында таңертеңгі 9-дан кешкі 17.00-ге дейін жұмыс істейді. Ал Маңғыстау, Атырау, Қарағанды, Павлодар, Түркістан облыстарының базарлары таңғы 9-дан 18:00-ге дейін келушілерді қабылдайды.

Ақтөбе, Қостанай облыстарындағы сауда орындарының жұмысы 10-нан кешкі 18.00-ге дейін жалғасады. Батыс Қазақстанда 10-да ашылып, кешкі 17.00-де жабылады. Тек Солтүстік Қазақстанда сауда-саттық орындарының жұмыс кестесі сағат 10-нан түскі 3-ке дейін белгіленген. Алматы облысында 12:00-ден кешкі 5-ке дейін ашық болады.

Жалпы еліміз бойынша 100-ден астам азық-түлік базарлары жұмыс істейді.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды