425,02 450,91 6,80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Еліміздің бес аймағында жол жабылды

  • 216
  • UPD: 14:21, 15.01.2022
Еліміздің бес аймағында жол жабылды inform.kz

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, өңірлерде бұрқасын, қар, көктайғақ болады, деп хабарлайды Хабар 24.

Сол себепті «ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ-ы кей өңірлерде жол жабылуды ұйғарды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлім етті.

Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарындағы республикалық және облыстық маңызы бар тас жолдарда қозғалыс тоқтатылды. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, өңірлерде бұрқасын, қар, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. «Азаматтарды күн райының өзгеруін бақылап, ескерту хабарламаларын назарға алуға және қажетті сақтық шараларын сақтауға шақырамыз. Қыста елді мекендер арасындағы автомобиль жолдарына шығуды жоспарламас бұрын міндетті түрде ауа райы болжамын біліп алған жөн», – делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы