Алдағы күндері ауа райы қандай болады

Қазгидромет 19-21 қаңтар аралығында болатын ауа райы болжамын жариялады.

19 қаңтарда Ақмола облысының оңтүстік жартысында тұман күтіледі.

Нұр-Сұлтан қаласында 19 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі.

19 қаңтарда күндіз Алматы облысының таулы аудандарда қатты жауын - шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей уақытта оңтүстігінде және шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, шығысында екпіні 15-20 м/с.

19 қаңтарда Ақтөбе облысының орталығында және шығысында тұман күтіледі.

19 қаңтар Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде тұман күтіледі.

Орал қаласында 19 қаңтарда көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман.

19 қаңтарда таңертең және күндіз Түркістан облысының батысында, таулы, тау бөктерлі аудандарында, 20 қаңтарда түнде тауда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде және таулы аудандарда тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарда күші 15-20, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с. 20 қаңтарда шығыстан жел соғады, таулы аудандарда күші 15-20 м/с.

Шымкент қаласында 19 қаңтарда таңертең және күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Кей уақытта тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз күші 15-20, екпіні 23 м/с.

Түркістан қаласында 19 қаңтарда таңертең және күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз күші 15-20, екпіні 23 м/с.

19 қаңтарда Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында тұман сақталады, күндіз облыстың оңтүстік жартысында көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың оңтүстік жартысында күші 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда қаласында 19 қаңтарда кей уақытта тұман, күндіз көктайғақ күтіледі.

19 қаңтарда Қарағанды облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Сондай-ақ...