loader

Аяз миды сергітіп, көңіл-күйді жақсартады – дәрігер

Аяз миды сергітіп, көңіл-күйді жақсартады – дәрігер

Аязды күнгі ауа жүйке жүйесін сергітетін әсер ие, яғни миды тыныштандырады, деп хабарлайды «Хабар 24» golos.ua сілтеме жасап.

Дәрігерлер аязда серуендеуден бас тартпауға шақырады. Олардың айтуынша, ауа температурасы төмендегенде көшеде баяу серуендеу жүйке жүйеңізге пайдалы, сондай-ақ ойларды тәртіпке келтіруге көмектеседі.

«Қыс мезгілі аяқталмай тұрып, серуенге көп көңіл бөліңіз, далаға шығу мүмкін болмаса, балконда таза ауа жұтыңыз», – деп кеңесін берді маман.

Жатар алдында аязда жүру тез ұйықтауға және ұйқының сапасын жақсартуға ықпал етеді. Сонымен қатар қан айналымы және оның ішкі ағзаларға жеткізілуі жақсарады.

Аяз сіздің көңіл-күйіңізді көтеруге де көмектеседі. Бұл ғылыми дәлелденген. Канадалық ғалымдар төмен температураның өлшенген әсері «бақыт гормоны» – серотонин өндірісін арттыратынын анықтады. Егер сіз ашулансаңыз, көңіл–күйіңіз нашар, сондай-ақ депрессия күйде болсаңыз, суықта жүріңіз. Серуенді күнделікті әдетке айналдыру стрестің деңгейін айтарлықтай азайтады.

Қазақстанда ауа температурасы 26 градусқа дейін төмендейді.

Сондай-ақ...