Қазақстанда үшінші дозадан кейін вакцина паспорты бір жыл жарамды болады

Вакцина паспорты ревакцинациядан кейін бір жылға жарамды болады.

Ал екпенің үшінші дозасын өзге елден алғандар арнайы анықтама әкеліп, өз емханасына тапсыруы қажет. Яғни қайта вакциналаудан өткен адамның «Ашықта» «жасыл статусы» бір жылға ұзартылады. Вакцинаны қайта алған күннен бастап, екпе төлқұжатындағы мәліметтер жаңарады. Бірақ құжат мерзімі қанша уақытқа ұзаратыны әлі белгісіз. Себебі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұған қатысты ақпарат таратпаған. Бүгінде елімізде тұрғындарды қайта вакциналау науқаны жалғасып жатыр. 

Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстары ревакциналау бойынша көш бастап тұр.

Ержан Байтанаев, ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі:

- Мысалы, ақпан айының 20-да вакцинаның екі компонентін алып, вакцинация паспортын алған болсаңыз, ақпан айының 20-дейін жасыл түс жанып тұрады. Егер осы ақпан айының 26-да барып ревакцина алған жағдайда сіздің жасыл түсіңіз келесі жылғы қаңтар айына дейін жанып тұрады. Елімізде қазір вакцина қоры толық, жеткілікті. Халыққа таңдау бар.