Буынға пайдалы өнімдер аталды

Диетолог буын ауруларының себептерін, сондай-ақ оның алдын алу жолдары туралы айтты, деп хабарлайды «Хабар 24» golos.ua сілтеме жасап.

Оның айтуынша, буын ауруларының негізгі себептерінің бірі – дұрыс тамақтанбау, атап айтқанда ағзадағы кальцийдің аз болуы. Яғни маман кальцийге бай тағамдарды көбірек жеуге кеңес береді, өйткені оның тапшылығынан ағза кальцийді сүйек тінінен алады, бұл остеопорозға әкелуі мүмкін. Сонымен қатар диетолог бұл жағдайда сүт өнімдерін шамадан тыс пайданабау керектігін де ескертеді.

D дәрумені сіздің буындарыңыз үшін өте пайдалы, өйткені ол сүйек тінінің қалыпты өсуіне және тістің беріктігіне әсер етеді. Оның жеткілікті мөлшері нәлім яғни треска балығының бауырында, жұмыртқаның сарысында және сары майда кездеседі.

Терінің, буындардың және сүйектердің күйіне тікелей әсер ететін коллаген синтезі үшін қажет С витамині туралы ұмытпаңыз. Ол цитрус жемістері, ашытылған қырыққабат, жидектер, сондай-ақ киви және қызыл болгар бұрыштарында көп.