Қыста қол терісін қалай күту керек?

Қыста қол терісін қалай күту керек?
beauty-shop.ru

Суық мезгілде терінің күйін бақылау өте маңызды. Дұрыс күтім мен қарапайым ережелер құрғақтықтан, қышу мен терінің жарылуы сияқты проблемаларды болдырмауға көмектеседі, деп хабарлайды «Хабар 24» golos.ua сілтеме жасап.

Ең алдымен, сіз таңдаған сабын мен иісмай қолыңыздың терісіне сәйкес болғаны маңызды. Бұған қоса далада қолғап кию, сондай-ақ ыдыстарды жуу немесе тазалау кезінде арнайы нитрил қолғаптарын пайдаланған жөн.

Сонымен қатар дәрігер-мамандар қолды ыстық сумен жылытуға болмайтынын ескертеді.

«Бұл әдіс қышуды және басқа да жағымсыз әсерді уақытша жеңілдетсе де, зияны көп», - дейді олар.