476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қыс мезгілінде иммунитетті көтеретін өнімдер аталды

  • 379
  • UPD: 09:53, 28.01.2022
Қыс мезгілінде иммунитетті көтеретін өнімдер аталды Со Вкусом

Суық мезгілде адам толық тамақтануы керек және иммунитетті арттыратын тағамдарды ас мәзіріне енгізу маңызды.

Осы орайда мамандар қыста иммунитетті көтеретін үш өнімді атады, деп хабарлайды «Хабар 24» golos.ua сілтеме жасап.

Батат

Бұл өнімді «тәтті картоп» деп те атайды. Өте пайдалы және құрамында А дәрумені көп. Тәтті картопты әртүрлі тәсілдермен дайындауға болады. Сондай-ақ бұл көкөніс өте дәмді, оның пайдалы қасиеттері бар және минералдар мен басқа да дәрумендерге бай.

Цитрус

Қыста иммунитетті нығайту үшін ең қажетті дәрумендердің бірі – С дәрумені, оны толтыру үшін сіз қыста цитрустық жемістерді – апельсин, мандарин, лимон, грейпфрутты үнемі тұтынуыңыз керек. Оларды тұтас жеміс түрінде қолдану пайдалы. Жеміс кесектерін салаттарға немесе таңғы асқа қосуға, сонымен қатар шырын ретінде пайдалануға болады.

Шпинат 

Қыста шпинат жылыжайларда ғана өседі. Алайда иммунитетке қажетті бұл өсімдік түрін мұздатып сақтауға да болады. Оны сорпаларға, салаттарға, басқа көкөністермен бұқтырып та пайдалана аласыз. Барлық дәрумендер мен қоректік қасиеттерді сақтаудың ең жақсы әдісі– шпинатты салатқа қосып тұтыну немесе оны буға пісіру.

Біз бұған дейін қыс мезгілінде сізге қажет 5 дәрумен және суықта қол терісін қалай күту керектігі жөнінде жазған болатынбыз.

Хабар 24 телеарнасы