Вагондардың рельстен шығуы: елімізде пойыздар кешігіп жатыр

Мойынты-Сарышаған учаскесінде жүк вагондарының жолдан шығуына байланысты бірқатар жолаушылар пойызы кешігуде.

1. Павлодар-Шымкент қатынасындағы №45/46 пойызы;

2. №51/52 Орал-Алматы-2 қатынасындағы пойызы;

3. Алматы-2-Петропавл қатынасындағы №105/106 пойызы;

4. №712/711 Шымкент-Нұр-Сұлтан Нұрлы жол пойызы;

5. Алматы-2-Нұр-Сұлтан Нұрлы жол қатынасындағы №3/4 пойызы;

6. Алматы-1-Нұр-Сұлтан Нұрлы жол бағытындағы №9/10 пойызы тоқтатылды.

«Сонымен қатар пойыздардың кешігуіне байланысты Нұр-Сұлтан-Сарыағаш рейсі бойынша қайта отырғызу болмайтын вагондар жолаушыларын тасымалдауды қамтамасыз ету үшін Шымкент-Сарыағаш учаскесінде №501/502 Шымкент-Сарыағаш қатынасымен 1 рейске қатынау ұйымдастырылды», - делінген ҚТЖ таратқан мәліметте.