Сегіз облыста ауа райы туралы ескерту жарияланды

Сегіз облыста ауа райы туралы ескерту жарияланды

Еліміздің 8 облысында дауылды ескерту жарияланды.

Синоптиктердің болжауынша, Жамбыл және Түркістан өңірінің тау бөктерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Дәл осындай ауа райы Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Алматы облыстарында да күтіледі. Ал Қызылорда облысында жауын-шашын болады. Қазгидромет мамандары Қарағандыда жел күшейеді деп ескерту жасады.