Карантин кезінде азаматтардың ҚР шекарасын кесіп өтуі жеңілдеді

Карантин кезінде қазақстандық және шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі жеңілдетілді.

Бұл туралы ведомствоаралық комиссияның отырысында айтылды. Ел азаматтары үшін автоөткел жолдары арқылы шет мемлекеттерге шығу үшін шектеу мерзімі екі есе азайды. Енді қазақстандықтар өзге елге 15 тәулікте 1 рет шыға алады. Елге кіру кезіндегі жалғыз талап: шетелден келгендер 72 сағатқа жарамды ПТР тест анықтамасын ұсынуы керек. Бұл құжат 5 жасқа дейінгі балалардан талап етілмейді. Бұл шаралар экономикалық қызметті жандандыруға, отандық туризмді дамытуға және елдің инвестициялық ахуалын жақсартуға бағытталған.