1 наурыздан бастап елордада ақылы автотұрақтар іске қосылады

Наурыздың 1-інен бастап елордадағы Есіл, Сарыарқа, Алматы және Байқоңыр аудандарында ақылы автотұрақтар іске қосылады.

Нөмірлері 11**, 2***, 3***, 4*** басталатын тұрақ аймақтары әкімшілендірумен жұмыс режиміне ауыстырылатын болады.

«Қала билігі Нұр-Сұлтандағы ақылы автотұрақтардың өзекті тізімін бекітті. Ақылы тұрақ аймақтары Бөгенбай батыр – Сарыарқа – Республика даңғ. – Есіл өзенінің жағалауы квадратында іске қосылады. Қажымұқан Мұңайтпасов көшесі – Мағжан Жұмабаев даңғылы – Бауыржан Момышұлы даңғылы – Тәуелсіздік даңғылы квадратында. Есіл ауданында тұрақ аймақтары Сарайшық – Сығанақ көшелерінің, Тұран – Мәңгілік ел даңғылдарының аумағында орналасқан. Байқоңыр ауданында – Артем, Шапағат және Әсем базарларының аумағында», – делінген «Парковочное пространство Астаны» ЖШС таратқан мәліметте.

Осы квадраттардағы тұрақ қалталары пайдалану үшін қажетті жабдықтармен жабдықталған. Атап айтқанда, тиісті жол көрсеткіштері, ақпараттық қалқандар мен паркоматтар орнатылды. Елорда тұрғындары ақылы автотұрақтардың орналасқан жері туралы алдын ала біле алады, автомобильдер тұрағының қағидаларымен және төлем тәсілдерімен таныса алады.

«Ақылы тұрақтың негізгі белгісі 5.15 «Тұрақ орны» және 7.8 «Ақылы қызметтер» белгілері комбинациясының болуы болып табылады. Тұрақ орны үшін ақыны автотұраққа кірген сәттен бастап алғашқы 30 минут ішінде төлеу қажет. Құжаттар тиісінше ресімдеген жағдайда мүгедектер мен азаматтардың жеңілдікті санаттары үшін тұрақ тегін. Тұрақ ережелері туралы толық ақпарат astanapark.kz сайтында орналасқан», – деп мәлімдеді «Парковочное пространство Астаны» ЖШС баспасөз қызметі».

Жаңа ақылы тұрақ орындарын енгізу қажеттілігі елорданың автомобиль жолдарының тым аса жүктелуіне және соның салдарынан жол-көлік оқиғаларының артуына байланысты болды. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен «Парковочное пространство Астаны» ЖШС ауруханалар, емханалар, балабақшалар, мектептер және халыққа қызмет көрсету орталықтары сияқты әлеуметтік объектілердің жанында ақылы тұрақ орындары жабдықталмайды деген бітімгершілік келісімге келді.

Ақылы автотұрақтардың жұмыс тәртібі: жұмыс күндері сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін. Демалыс және мереке күндері тұрақ тегін. Ақылы автотұрақтарды пайдаланудың барлық сұрақтары бойынша Сall-орталыққа жұмыс күндері 8 800 080 2888 нөмірі арқылы сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін хабарласуға болады.