476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қазақстанда 2022 жылдың қаңтары қандай болды

  • 339
  • UPD: 10:52, 09.02.2022
Қазақстанда 2022 жылдың қаңтары қандай болды Dnepr.com

Қазақстанның басым бөлігінде 2022 жылғы қаңтарда ауаның орташа температурасы климаттық нормадан 1-7 градусқа жоғары болды, ал түскен жауын-шашынның нақты мөлшері ҚР басым бөлігінде айлық нормадан 1,3-7 есе артық болды.

Айдың бірінші және екінші онкүндіктерінде Қара және Жерорта теңіздерінің аудандарынан жылы ауа массаларының шығарылуымен республиканың бүкіл аумағында ауа температурасының айтарлықтай жоғарылауы байқалды. Солтүстік жартысында күндіз ауа -2,+10°С-қа дейін (16 қаңтарда Шығыс )азақстан облысы Риддер метеостанциясында +9,7°С), ал елдің оңтүстік жартысында +6+16°С-қа дейін (4 қаңтарда Алматы облысы Ұзынағаш метеостанциясында +15,6°С) жылынды. Осы кезеңде республиканың көптеген метеостанцияларында ауаның ең жоғары температурасының тәуліктік рекорды жаңартылды, жекелеген күндері ауа температурасы орташа тәуліктік нормадан 10-20° жоғары болды.

Айдың басым бөлігінде, желтоқсан айындағыдай, ауа-райына циклондар әсер етті, бұл жауын-шашынға әкеліп соқты, бұдан басқа, желдің күшеюі 15-28 м/с, ал елдің солтүстігі мен оңтүстігінің жекелеген аудандарында екпіні 30-34 м/с дейін болатын дауыл жел байқалды (8 қаңтарда Бурабай метеостанциясында 34 м/с). Республиканың солтүстігі мен солтүстік-батысында мұндай жел 200-500 метрге дейін көру қашықтығы нашарлауымен қалың қар мен бұрқасын, сондай-ақ тұман мен көктайғақ құбылыстары болды. Қазақстанның оңтүстігінде оңтүстік циклондардың шығуымен мол жауын-шашын (15-49 мм) өтті, 19 қаңтарда Ащысай метеостанциясында (Түркістан облысы) 24 мм-ге дейін қар жауды. Ең жауын-шашынды кезең айдың ортасы болды, іс жүзінде елдің барлық аумағында мол жауын – шашын болды, жекелеген аудандарда қатты, мысалы, тәулік ішінде Қарауыл метеостанциясында (Шығыс Қазақстан облысы) 13 мм (бір айдағы норма 9 мм), Қаратау метеостанциясында (Жамбыл облысы) – 26 мм (бір айдағы норма 26 мм), Ащысай метеостанциясында (Түркістан облысы) - 49 мм (бір айдағы норма 75 мм) түсті.

Қаңтардың үшінші онкүндігінде ғана синоптикалық жағдай біршама өзгерді, Қазақстан аумағының басым бөлігіне ауқымды кең антициклон жотасы әсер ете бастады, бұл жауын-шашынның тоқтауына және ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне алып келді. Республиканың солтүстік жартысында, түнгі сағаттарда термометр бағандары -24-35°С-қа дейін төмендеді (30 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының Үлкен Нарын метеостанциясында -34,7°С болды). Елдің оңтүстік жартысы циклондық қызметтің ықпалында болды, осыған байланысты ауа температурасының айтарлықтай төмендеуі байқалмады. Сондай-ақ, айдың көп бөлігінде республиканың оңтүстік өңірлерінде 20 күн және одан да көп уақытқа созылған жылудың ұзаққа созылған толқыны байқалғанын атап өткен жөн

Елордадағы ең төменгі ауа температурасы 24 қаңтарда тіркелді және -24,1°с құрады, бұл күнгі абсолютті минимум -42,7°С, ол 1969 жылы тіркелді, ал ең жоғары ауа температурасы 2022 жылдың 15 қаңтарында байқалды және +0.2°С құрады, бұл бүкіл бақылау кезеңіндегі осы күнгі абсолютті максимумның рекорды.

Жауын-шашын бір айда 26 мм жауды (нормадан 162%), бір айдағы норма 16 мм құрайды.

Хабар 24 телеарнасы