ІІМ жүргізушілерге ескерту жасады

Қазгидромет РМК-ның хабарлауынша, 2022 жылдың 10-12 ақпан аралығында еліміздің барлық өңірлерінде ауа райының нашарлауы, ауқымды антициклон, жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын, сондай-ақ, желдің күшеюі және көктайғақ құбылыстары күтіледі, деп хабарлайды Рolisia.kz.

ІІМ қысқы жолмен жүру кезінде еске салады (көктайғақта, жаңадан жауған қарда, тапталған қарда) қатаң сақтау қажет: автомобильдер арасындағы қашықтықты, бүйірлік аралықты, жылдамдық режимін, сондай-ақ, кенеттен тежеу мен қозғалысқа жол бермеу. Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі үшін ІІМ ауа райы жағдайларын ескере отырып, көліктегі қозғалыс маршрутын алдын ала жоспарлауға және ауа райы нашарлаған кезде елді мекендерден тыс жерлерге шығуды шектеуге шақырады.

Анықтама: ауа райының қолайсыздығына байланысты қысқы кезеңнің басында жол-көлік оқиғаларының саны күрт өсті. Өткен тәулікте елімізде 23 ЖКО тіркелді, онда бір адам қаза тауып, 33 адам зардап шекті.

Сондай-ақ...