Астанада және 10 өңірде ауа райы туралы ескерту жарияланды

Қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

14 ақпан түнде Ақтөбе облысының онтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың орталығында онтүстігінде және шығысында жел екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз 14 ақпанда Ақмола облысында оңтүстік-шығысында, орталығында қатты қар жауады. Облыстың басым бөлігінде бұрқасын соғады. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында, батысында 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде жел екпіні - 25 м/с.

Түнде 14 ақпанда Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде жел қарқыны 15-20 м/с жетеді.

Ақтауда 14 ақпанда солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні - 15-18 м/с. 14-15 ақпанда Жамбыл облысының оңтүстік-батысында жел соғады, күші - 15-20 м/с, екпіні - 23-28 м/с.

14 ақпан күндіз, 15 ақпан түнде кей уақыттарда жел жылдамдығы 30 м/с асады.

14 ақпанда таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың солтүстігінде тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктерлі аудандарда көктайғақ болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде және тау бөктерлі аудандарда желдің күші - 17-22 м/с, таулы аудандарда және облыстың солтүстігінде - 25 м/с, тау асуларында жел екпіні - 30 м/с және одан асады.

14 ақпанда Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші облыстың батысында, оңтүстігінде - 15-20 м/с.

Нұр-Сұлтан қаласында 14 ақпанда қар жауады. Күндіз қатты қар жауады, бұрқасын көтеріледі. Түнде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, таңертен және күндіз 15-20 м/с.

14 ақпанда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын соғады. Күндіз облыстың орталығында қатты қар жауады. Оңтүстіктен соққан жел батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні - 15-20 м/с. Қарағанды және Жезқазған қалаларында 14 ақпанда бұрқасын көтеріледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні - 18 м/с.

14 ақпан түнде Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде тұман, күндіз облыстың оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні күндіз 15-20 м/с жетеді. Шымкент қаласында 14 ақпанда таңертең және күндіз көктайғақ болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 17-22 м/с.

14 ақпан түнде Қызылорда облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың басым бөлігінде жел қарқыны - 15-20 м/с. Қызылорда қаласында 14 ақпанда тұман түседі. Батыстан соққан желдің қарқыны күндіз 15-20 м/с жетеді.