Елімізде 29 градусқа дейін аяз күтіледі

Қазгидромет Қазақстан бойынша 2022 жылдың 22-24 ақпанына арналған ауа райы болжамын жариялады.

Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының оңтүстік жартысы әлі де ауқымды антициклонның ықпалында болады, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Алайда елдің солтүстік жартысына фронтальді бөлімдер әсер етеді ­– қар жауады, боран соғады, жел 15-23 м/с дейін күшейеді, республика бойынша тұман және көктайғақ күтіледі.

Еліміздің солтүстігі мен орталығында түнде 5-20 градус аяз, шығысында 10-29 градус аяз, оңтүстігінде 5 аяздан 5 градусқа дейін жылу, батысында 0-10 градус аяз болады.