Бұрқасын, тұман, көктайғақ: бірнеше облыста ескерту жарияланды

23 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының түнде шығысында, күндіз солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с.

Петропавл қаласында күндіз 23 ақпанда жаяу бұрқасын күтіледі, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

23 ақпанда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Орал қаласында 23 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

23 ақпанда Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында тұман күтіледі. Ақтөбе қаласында 23 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.