Телеарналардың эфирі қалпына келтірілді

Телеарналардың эфирі қалпына келтірілді
Известия

«Қазмедиа орталығы» энергиямен қамтамасыз ету жүйесіндегі техникалық апат салдарынан 2022 жылдың 22 ақпанында 10 сағат 18 минутта «Хабар», «Хабар 24», «Qazaqstan», «Qazaq TV», «Balapan» телеарналарының эфирлері уақытша өшірілді.

Қазіргі уақытта телеарналардың эфирі қалпына келтірілді. Техникалық қызметтер апаттың себептерін анықтап, салдарын жою бойынша жұмыстарды жүргізіп жатыр.