Ақпанның соңғы күндеріне арналған ауа райы болжамы

Қазақстан бойынша 2022 жылдың 26-28 ақпанына арналған ауа райы болжамы.

Қыстың соңғы күндерінде атмосфералық фронтальдық бөліктердің әсерінен республика бойынша жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, елдің солтүстік жартысында бұрқасын күтіледі. Тек республиканың оңтүстік өңірлерінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы түнде Қазақстанның батысы мен оңтүстік-шығысында 5 аяз...5 жылу, елдің солтүстік-батысында 3...15 аяз, солтүстігінде 5...20 аяз, шығысында және орталығында 3...18-ден 13...25 аязға дейін, оңтүстігінде 8 аяздан...5 жылудан 5 аяз...10 жылуға дейін.