Нұр-Сұлтаннан қала маңына қатынайтын үш бағдардағы автобус қозғалысы тоқтатылды

Ауа райының нашарлауына және трассаның жабық болуына байланысты қала маңына қатынайтын үш бағдардағы көлік қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы.

«City Transportation Systems» ЖШС хабарлайды: Ауа райының нашарлауына және трассаның жабық болуына байланысты, қала маңына қатынайтын № 310, 315, 316 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды. Сонымен қатар № 317 бағдар Софиевка ауылындағы соңғы аялдамаға кірмейді.

№302, 303, 320 бағдарлар «Лесная поляна» ТА (жолды су басу) кірмейді. № 305, 312 бағдарлар Ақмол кентіндегі соңғы аялдамаға кірмейді. Басқа қала маңына қатынайтын бағдарлар линияда.