Ауа райына байланысты сегіз өңірде ескерту жарияланды

Республиканың сегіз өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

10 наурызда Ақмола облысының оңтүстігіне, батысына тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Атырау облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді.

10, 11, 12 наурыз түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында нөсер жауын жауады. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы солтүстік-шығысқа ауысып, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23 м/с жетуі ықтимал.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан, күндіз солтүстік-шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғып, күндіз облыстың солтүстігі мен орталығында жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.

10 наурыз түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында тұман түседі. Шығыстан соққан желдің бағыты солтүстік-батысқа ауысып, облыстың оңтүстігі мен солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін.

10-12 наурызда Түркістан мен Жамбыл облысында ауа райының жылынуы мен толассыз жауған жаңбырға байланысты өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін.

Қазгидромет