Шымбұлаққа баратын автожол уақытша жабылды 

«Қазселденқорғау» мекемесі мамандарының мәлімдеуінше, қазір қар деңгейі әдеттегіден 30 см-ге жоғары, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондықтан Үлкен Алматы өзені бассейніне 7 рет профилактикалық қар көшкіні жүргізіліп, 35 мың текше метр ақ ұлпа түсірілген. Медеу мұз айдынынан Шымбұлақ тау-шаңғысы кешеніне баратын автожол бойында 11 қауіпті жер бар. Ал ондағы қар тура күре жолға түсетіндіктен, көліктер мен жаяу жүргіншілердің өміріне қауіп төндіреді. Осыған орай Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға тау беткейлеріне шықпауды ескертеді. Ал «Қазгидромет» жауын-шашынға байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін екенін хабарлады.