Демалыс күндері балалармен көруге болатын 5 үздік фильм

Демалыс күндері басталды. Сенбі мен жексенбіні әр отбасы әр түрлі өткізеді. Ал біз отбасы мүшелерімен фильм қарайтындар үшін үздік туындыларды жинақтап көрдік.

«Теңіз әні» (Song of the Sea), 2014, Ирландия

Достық, отбасы туралы, есею мен бақыт жолындағы құрбандықтар жайлы сиқырға толы оқиға. Мультфильм атмосферасы әлдебір ертегідегідей әсер қалдырады, әр жастағы көрермендерге ұсынылатын туынды. Ирландиялық режиссер Томм Мур қазіргі уақытқа дейін тек екі толықметражды фильм түсірген және оның екеуі де «Оскар» сыйлығына ұсынылған.

«Бірқазан», Франция, Греция, 2011/ «Пеликан»

Режиссер Оливье Хорленің 2011 жылы шыққан фильмі. Ол Жерорта теңізімен қоршалған өте әдемі және түрлі-түсті Грек аралында түсірілген. Теңіз, табиғат үйлесім тапқан өнер туындысына назар аудару керек деп санаймыз.

«Балалық шақ», Германия, 2014/ «Отрочество»

Бұл фильм үшін уақыт табуыңыз керек. Қызығы сол, түсірілім 11 жылға созылған, яғни 2002 жылдан 2013 жылдың қазан айына дейін. Туынды 6 номинацияға ие болып, «Оскар» сыйлығына негізгі үміткерлердің бірі болған.

«Жұмақ түсі», Иран, 1999/ «Цвет рая»

Мұхаммед атты баланың қиын тағдыры туралы баяндайтын фильм – Иран елінің туындысы.
 
«Увенің екінші өмірі», Швеция, 2015/ «Вторая жизнь Уве»
 
Фредрик Бакманның романына негізделген Ханнес Холм түсірген швед фильмі. 2017 жылғы «Оскар» сыйлығына «Шет тіліндегі үздік фильм» және «Үздік макияж және шаш үлгісі» номинациялары бойынша ұсынылған үздік бес фильмнің қатарында.