Алматыда жексенбіде қатты жауын-шашын жауады

Алматыда жексенбі күні күндіз нөсерлі жаңбыр күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті Қазгидрометтің дауылды ескертуін негізге ала отырып, 13 наурызда нөсерлі жаңбыр күтілетінін хабарлады.

ТЖД қолайсыз ауа райы жағдайында қала тұрғындарына қауіпсіздікті сақтау мақсатында келесі шараларды қабылдауға шақырды.

- балкондар мен лоджиялардан заттарды алып тастау;

- үйлердің қабырғаларына жақын жерде жасырынбау;

- үйден шығар кезде, барлық электр құрылғыларды желіден ажыратып, терезелерді жабу, су өткізбейтін киім мен аяқ киімді кию;

- автономды жарық көздерін (фонарьлар, шырақтар, керосин шамдары) дайындау;

- автокөлікті тұраққа немесе ағаштардан қауіпсіз қашықтықтағы алаңқайға қою;

- төтенше жағдай туралы SMS-хабарламаларға назар аудару.