Елімізде ауа температурасы 28 градусқа дейін төмендейді

Қазгидромет Қазақстан бойынша 2022 жылдың 15-17 наурызына арналған ауа райы болжамын жариялады.

Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігі оңтүстік циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальді бөліктердің ықпалында болады. Циклонның әсерінен жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, желдің күшеюі, батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста көктайғақ күтіледі.

Тек солтүстік-батыс антициклонының әсерінен Қазақстанның солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі және түнгі температура 17...28 аязға дейін төмендейді.